2 января 2021 г. 11:00

Атыраулықтар мемлекеттік туды неге түсірді?

Фото:

Атырауда қатты желге байланысты 91 метр биіктегі туды алып тастады.

Алматы,  NEGE. Бұған дейін Атырауда биіктігі 91 метрлік тутұғыр орнатылған болатын. Ұзындығы 80 метрлік тутұғыр композициясы доға пішінді етіп жасалған.

Композицияның орта тұсында Қазақстан Республикасының картасы, жоғары жағында Елтаңба, ал шеткі бөлігіне Әнұран жазылған.

Конус пішінді тутұғырға көлемі 29х14,5 метр болатын Ту ілінген еді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановтың айтуынша, қалада жел екпіні күшейгендіктен, тутұғырдағы байрақты алып тастауға шешім қабылданған.

Тегтер: