Атыраулық тұрғын пара ретінде қызыл балық ұсынған

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне (ҚАЖД) қарасты қалалық пробация қызметінің инспекторына пара бермекші болған азамат ұсталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Алматы, NEGE. Ер адам кешкі уақытта тіркелген мекен жайында болмай күдікті қатарына енген соң, құқық қорғау органы қызметкеріне осы фактіні жасырып қалуы үшін пара ретінде қызыл балық бермек болған.

ATPress.kz редакциясына хабарланған мәліметке сәйкес, ұсталған ер адам бұрын ҚР ҚК 190 – «Алаяқтық» бабымен істі болған. 

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР ҚК 367 – «Пара беру» бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды