Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражат бопсаламақ болған, деп хабарлайды polisia.kz.

Атырау, NEGE. Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылы туған күдіктілерді 2 млн 600 мың теңге алып жатқанда ұстады.

Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 млн-ға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.

Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады