Атыраулық полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 7 жасөспірімді үйлеріне қайтарды

Атыраулық полицейлер бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 7 жасөспірімді үйлеріне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау, NEGE.  4-10 қазан күндері аралығында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша 7 хабарлама келіп түскен. Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері тауып, ата-аналарына табыстады.

Мысалы, 12 қазан күні сағат 00:28 шамасында Атырау қаласы ПБ-ның “102” операторына 36 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, 8 қазан күні сағат 12:00 шамасында 14 жасар ұлының тұрғылықты мекенжайынан шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткендігін айтып, хабарлама қалдырған.

Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде аталған жасөспірім аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылған.

14 жастағы жасөспірімнің айтуынша, ол өзінің анасымен сөзге келіп қалып, үйден кетіп қалған және осы уақытқа дейін достарының үйінде болған.

Жасөспірімнің анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірім Ішкі істер органдарының есебіне алынды, жасөспірімнің ата-анасына қатысты іс-құжаттар Атырау қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жоладау үшін жинақталуда.
 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады