25 декабря 2021 г. 17:42
Атыраулық азамат суға батып бара жатқан досын құтқарып қалды
Атырау облысында Жайық өзеніне батып бара жатқан жігітті досы құтқарып қалды.
Алматы, NEGE. Оқиға 24 желтоқсанда болған. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген жігіт суға кетіп бара жатқанын көріп жанындағы досы көмекке келген. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырған. Алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды", – деді департаменттің баспасөз қызметі.
Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерге жағадағы Атырау қаласы полиция басқармасының №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырған.