Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген
Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.
Алматы, NEGE. Әйел баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушыларды іздеген. Екі сатып алушыны тауып, көбірек ақша берген адамға баласын ұстатып жіберген.
Көкек ана Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны көрінеді. Тіпті келіншектің бұған дейін де баласын сатқан болуы мүмкін деген ақпарат бар. Полиция департаменті ақпаратты растады. Қазір "Кәмелетке толмағандардың саудасы" бабымен іс қозғалды. Күдікті әзірге баласының жанында, бостандықта.