Атыраулық ұстаз республикалық шахмат турнирінде топ жарды

Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен «Зияткер ұстаз» республикалық шахмат турнирінде Атырау облысы Құрманғазы ауданынан қатысқан Гүлбаршын Кенжеғалиева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған зияткерлік додаға еліміздің 20 өңірінен 130-дан астам педагог қатысты. Жалпы жүлде қоры 2 млн теңгені құраған турнир мұғалімдердің кәсіби және интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды атыраулық Гүлбаршын Кенжеғалиева иеленсе, екінші орын Шымкент қаласынан Айгерім Жұмадиловаға бұйырды, ал үшінші орынды алматылық Жұлдыз Есенбаева алды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шара мұғалімдердің шеберлік деңгейінің жылдан-жылға өсіп келе жатқанын айқын көрсетіп, шахматтың білім беру жүйесіндегі стратегиялық ойлау мен зияткерлік қабілеттерді дамытудағы маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты