21 апреля 2025 г. 12:27

Атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті

Фото: Ақорда

Президент «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалады Қасым-Жомарт Тоқаев көрме экспозицияларын аралап көрді. 

Алматы, NEGE. Мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын.

Мемлекет басшысына байқау жеңімпазының суреті салынған жейде мен шопер сыйға тартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жұмыстарына жоғары баға берді.