Атыраулық әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияға түсіп кеткен.

Қайғылы оқиға 23 наурыз күні Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында болды. Сенімді дереккөздерге сүйенсек, келіншек балаларын өз қолымен тұншықтырып өлтірген.

Полиция кәмелет жасқа толмаған екі баланың денесі табылғанын растады. 

«Балалардың өліміне күдікті ретінде анасы ұсталды. Ол Атырау облысының тұрғыны. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған. Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары полиция басшылығының бақылауында екені хабарланды

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?