Атырауға Вьетнамнан гуманитарлық көмек келді

Атырау облысына Қазақстан парламентшілерінің вьетнамдық әріптестері жіберген 20 мың дана медициналық маска келді.

Алматы, NEGE. «Қазақстан парламентшілері вьетнамдық әріптестерінен гуманитарлық көмек ретінде келген 20 мың медициналық масканы Атырау облысына жіберді. Оны облыстық денсаулық сақтау басқармасы қабылдап алды. Медициналық маскалардың 10 мың данасы емханалар мен ауруханаларға таратылды. Ал, 10 мың дана маска волонтерлерге беріледі» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор