Атырауға дәрі-дәрмек жеткізілді

Атырауға тағы да ірі көлемде дәрі-дәрмек жеткізілді, оның ішінде коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін медициналық препараттар да бар, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Алматыдан Атырауға жалпы құны 220 миллион теңге болатын 470 дәрі-дәрмектің 2 мыңнан астам қораптары жеткізілді. Алынған дәрі-дәрмектердің ішінде антибиотиктер мен қызу түсіруге арналғар дәрілер бар. Бұл дәрі-дәрмектер облыстың дәріханаларына бір-екі күнде таратылады.