Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды

Атырау қаласында әкім болған Қайрат Оразбаевты облыстық прокуратура қала аумағында жер учаскелерін заңсыз бөлу фактісі бойынша ұстады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

"Облыстық прокуратура қала аумағындағы жер учаскелерін заңсыз бөлу дерегі бойынша қала әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 9 қарашада аталған іс бойынша қала әкімінің бұрынғы әкімі Қайрат Оразабев ұсталды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деді облыстық прокуратураның ресми өкілі Қанат Қабдолов.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. 

Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары Атырауда әкім болып жұмыс істеген. 

Қазір оқып жатыр

Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді

Қарағанды облысында 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады