Атырауды шаңды дауыл басып қалды

Облыс орталығы мен Атырау облысы аудандарының бір бөлігін шаңды дауыл басты.

Алматы, NEGE. Екпіні секундына 20 метрден асатын күшті жел Атырау қаласының барлық ықшамаудандарында құм мен шаңды аспанға көтерді.

Әлеуметтік желілерде хабарланғандай, кей жерлерде жолдарда көліктердің шамы жанып тұрса да жол көрінісі олардың қозғалысына кедергі келтіріп отыр. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді аса сақ болуға шақырады.

«Төбесі үлкен ғимараттардың жанынан өту немесе көлік жүргізу кезінде аса мұқият болу керек», - деп ескертті аймақтың ТЖ департаменті.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды