Атыраудағы газ құю стансасында жарылыс болды

Жарылыс кезінде 4 адам зардап шекті. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Бүгін таңертең Атабаев көшесінде орналасқан "ПромГаз" ЖШС аумағында "Форд" маркалы автоцистерна жарылған. Төтенше жағдай салдарынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат бүлінген.

Төрт адамды күйік шалды, олар ауруханаға жіберілді: жанармай құюшы, жүргізуші мен Атырау облысы ТЖД екі қызметкері - бөлім командирі мен өрт сөндіруші, - делінген ІІМ ТЖК хабарламасында.

Сағат 9.58-де өрт толықтай сөндірілген. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылған.
Газ құю стансасында зардап шеккен адамның екеуі өрт сөндірушілер. Ал ғимарат қирап қалды.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?