Үстіне секіріп, тепкілеген: Атырауда ер адам аяусыз соққыға жығылған

Желіде ер адамды ұрып-соғып жатқан сәт түсірілген видео тарады.

instagram.com/jagdaikz/видеодан скриншот

Астана, NEGE. Оқиға Атырау қаласында болған. Бұл видеоны жергілікті блогерге бейтаныс қыз жіберген. Бейнежазбадан екі еркек бір еркекті жатқызып алып, үстіне секіріп, тепкілеп жатқанын көруге болады.

Блогердің мәлімдеуінше, бұл оқиға алаяқтық схемасымен байланысты болуы мүмкін. Желіде тараған ақпаратқа қарағанда, екі ер адам жігітті кәмелеттік жасқа толмаған қарындасымен бірге ұстап алып, ақша талап еткен. Жігіт ақша беруден баc тартқан соң оны ұрып-соғуға көшкен. 

Атырау облыстық полиция департаменті өкілдері оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Полицейлер болған жайттың мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды