Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр.

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жүргізуші өртенген көлігін оқиға орнында тастап кеткен. «14 ақпанда сағат 04:20 шамасында «Атырау-Астрахань» бағытындағы тас жолдың айналма бұрылысында «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жол жиегіндегі бордюрге соғылған. Жүргізуші соққы салдарынан өртенген көлікті оқиға орнында қараусыз қалдырып кеткен.

Қазір атыраулық полицейлер көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Еске сала кетелік, Атырау облысында 150 қойымен жоғалып кеткен егде жастағы адам табылды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды