Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жол апатынан 5 адам қаза тапты.

Алматы. NEGE. ҚазАқпарат таратқан ақпаратқа қарағанда, жол-көлік апаты бүгін, 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында болған.

«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданына қатынайтын тас жолдың 15 шақырымында екі көлік соқтығысты. Оның бірі – Армения Республикасында тіркелген Honda Odessey, ал екіншісі – Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған «ВАЗ-2115» автокөлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-2115» автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол апатынан жарақат алған жолаушы ауруханада көз жұмды»,  – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды