Атырауда жоғалған 9 жасар баланың мәйіті табылды

Атырауда із-түзсіз жоғалған 9 жасар баланың денесі судан табылды.

Алматы, NEGE. 22 қаңтарда түс қайта үйінен інісімен бірге ойнауға шыққан 9 жасар бала жоғалып кеткен. Оның ұлты үнді. Анасы қазақ. Жоғалған баланы 200-ге жуық адам іздеді. Оған 100 полицей мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, өзге де тұрғындар мен 60 ерікті қатысты. «Бүгін кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі судан табылды. Бұл ақпаратты іздестіру жұмыстарын басқарып жүрген №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің бастығы Әнуар Кокалов растады» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.