Атырауда жыл сайын 100 мың көшет отырғызылады
Экология мәселесін шешу үшін Атырау облысында жыл сайын 100 мыңға дейін көшет отырғызу жоспарланған. Шараға мұнай-газ секторының 20-ға жуық кәсіпорны тартылады. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.