Атырауда жаңартылған жағалау ашылды

Қала күніне орай Жайық жағасында жастардың демалыс саябағы мен  қайта жаңғырудан өткен оң жақ жағалау ашылды, деп хабарлайды Ақ Жайық.

Алматы, NEGE. Жағалаудың жалпы ұзындығы Әлиев көпірінен АМУ ғимаратына дейін 2 шақырымды құрайды. Жағалауды абаттандыру жұмыстарын «КА Строй ЛТД» ЖШС мекемесі жүргізген.  Қайта жаңғырту жүргізілген аумақ Әлиев көпірінен Хамит Ерғалиев жағалауына дейін 1,6 шақырым. Бұл жолда жаяу жүргіншілер жолы, велосипедшілер жолағы және тынығуға арналған орындықтар мен көлеңкелер бар. Ал, "Ақ үйге" қарсы өзен үстінде қалқымалы әуенді субұрқақ орнатылған.  

Саябақтың аумағы Атырау мемлекеттік университетіне дейінгі 6,5 гектар аумақты құрайды. Мұнда диаметрі 7 метр болатын 6 субұрқақ және жаяу жүргіншілер жолында жылан формасындағы субұрқақ орнатылған. Сонымен қатар, жобада ойын алаңдары, әткеншектер, ересектерге арналған ойын алаңдары, спорт алаңдары, аттракциондар мен экстремалды спорт ойын алаңдары (скейт-парк) бар. Ортасына орналасқан ғашықтардың мүсіндік композициясы да жастар саябағы екенін айқындап тұр.

  Айта кетейік, қала күніне орай осы күні Балықшы ықшам ауданындағы саябаққа 300-ден астам жеміс ағаштары мен талдар отырғызылып, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына 22 ГАЗель автокөлігі табыс етілді. Нұрсая ықшам ауданынан 240 пәтердің кілті, Береке ықшам ауданынан кезекте тұрған азаматтарға 72 пәтердің кілті табыс етілді. Нұрсая ықшам ауданынан жаңа спорт ойын алаңы ашылды.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?