Атырауда заңсыз ойын мекемелерінің қызметі тоқтатылды

Атырауда заңсыз ойын мекемелерінің қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «ҚР ҚМ ҚМК Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның арнайы мақсаттағы «Бүркіт» жасағының қатысуымен шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу барысында Атырау қаласындағы бірнеше заңсыз ойын мекемелерінің қызметі тоқтатылды», - делінген хабарламада. 

ҚР ҚК 307 бабы 2 бөлімі 2 тармағы бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды