2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Атырауда туған күнін отшашумен қарсы алған азамат жауапқа тартылды

Атырауда карантин жағдайына қарамастан, туған күнін отшашумен қарсы алмақ болған азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Мерейтой иесі мейман шақыра алмаған соң туған күнін осылай есте қалдырмақ болған. Ол жеке үйдің ауласында түнгі сағат 02:00 шамасында бірнеше петарданы тұтатып, салют атқан. Жедел жеткен полиция қызметкерлері бұзақыны тәртіпке шақырды. Енді ол заң алдында жауап береді. Облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова: "Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 476-бабымен және де бұдан басқа осы кодекстің «Пиротехникалық бұйымдарды қолдану» бойынша 436-бабымен хаттамалар жасақталды. Рәсімделген іс-құжаттар сотқа жолданды" деді.