12 октября 2022 г. 18:43
Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салынды
Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.
Алматы, NEGE. Басылым мәліметінше, Атырауда бір топ оқушының мектеп ауласында электронды темекі тартқанын көрсететін бейнежазба тараған. Учаскелік инспекторлар оларды анықтап, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
«7 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі ("ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде электронды темекі тарту") бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды» делінген хабарламада.