Атырауда салмағы 118 кг болатын балық ауланды

А

тырауда салмағы 118 келі қортпа балығы бекіре зауытына тапсырылды.

Алматы, NEGE. 31 тамызда «Амангелді» атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қортпа балығын аулады. Бекіре тұқымдас балықтар тобына жататын алып қортпа «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды. «Әлемде бекіре тұқымдас бағалы балықтар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Сол себептен, табиғи қоры азайған мұндай балықтар тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады» -деп хабарлады өңірлік коммунткациялар қызметі. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайыққа бекіре тұқымдас балықтың 3,6 млн-нан астам шабағы жіберілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып дабыл қақты