Атырауда орта мектептің директорынан туберкулез анықталды

Атырауда орта мектептің директорынан туберкулез дерті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметіне қарағанда, бұл туралы кеше, 18 қаңтарда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен анықтама келген.

«Қазір туберкулез дертіне шалдыққан мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп директорымен жұмыс бабында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізіледі. Мектеп ғимаратына тиісті санитариялық іс-шаралары жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады Атырау қалалық білім бөлімінен.