Атырауда мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Биыл Атырау облысында 11 инвестициялық жоба іске қосылып, 762 жұмыс орны ашылады.

Алматы, NEGE. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаныш Мәмбетовтің мәліметінше, биыл жалпы құны шамамен 920,4 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.

Бұл жобаларда 762 жұмыс орнын ашылады.

«Инвестициялық жобалардың шеңберінде түйіршікті күкірт өндіру, тамақ қалдықтарынан органикалық тыңайтқыштар, бетон және темір бетон бұйымдарын шығару көзделіп отыр.

Сондай-ақ, газхимиялық кешен, құрғақ құрылыс қоспалары, тоқыма геотекстиль шығару, мұнай-газ саласы үшін машина жасау зауыты іске қосылады» - дейді Қаныш Мәмбетов.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, өңір экономикасына инвестиция тартуға барынша қолдау көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі