Атырауда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты жиында аймақ басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап,  Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік Рәміздеріміздің құндылығын атап өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  «1990 жылы дәл осы күнде біз алғаш рет өзіміздің егемендегімізді алып, 25 қазанда декларация қабылданды. Сол сәттен бері еліміз қарқынды даму үстінде. Біз бүгінгі ұлттық мерекемізде көк туымызды биікке көтеріп, ашық аспан астында желбіретудеміз. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Әрқашан жұртымыз тыныш, еліміздің мәртебесі биік болсын! Көк туымыздың астында Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!» - деді С.Шәпкенов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады