Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Коронавирус инфекциясымен күреске республикалық бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Шамамен осынша көлемдегі қаржы жергілікті бюджеттен де қаралды. Бұл қаражат мақсатты түрде жұмсалды», - деді облыс әкімі. Әкімнің айтуынша, демеушілер, кәсіпкерлер сондай-ақ, кәсіпорындар мен компаниялар да көмек көрсеткен. Демеушілік қолдаудың нәтижесінде қажетті медициналық құрал-жабдық, жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек сатып алынған.

«Қонақ үйде жатып жұмыс істеген медицина қызметкерлері, карантинде жатқан азаматтар үшін жатын орынның ақысы төленді. Уақытылы тамақтандыру ұйымдастырылды. Бастапқыда 180 инфекциялық орын жасақталса, қазір ол 540 орынға дейін көбейтілді. Сондай-ақ, 300-ден асатын провизорлық орын, 2000-нан астам карантиндік орын жасақталды», - деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов. 

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды