Атырауда коронавирус жұқтырған 20 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 20 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Алматы. NEGE. Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны азаймай тұр.

Өткен тәулікте Атырау қаласы мен Теңіз кен орнында, сондай-ақ, 6 ауданда қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар тіркелген. Қазір өңірдегі 5 914 адам үйінде емделіп жатыр.

«Ал, 2 360 инфекциялық стационарларда ем қабылдау үшін 564 (жүктеме – 23,9%) науқас оқшауланған. Өңірдегі инфекциялық стационарлардың 106 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жатқан 20 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде өкпені жасанды желдету аппаратына 4 пациент қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 18,9%», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.