26 июля 2022 г. 14:34
Атырауда көп балалы ата-ана жалдамалы пәтерде өлі табылды
Атырауда ерлі-зайыпты адамдар жалға алған пәтерінде қайтыс болған. Олардың артында төрт баласы қалды. Бұл туралы zhest.kz телеграм арнасы хабарлады.
Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза болған әйелдің анасы ерлі-зайыптылар есік ашпағанын төтенше жағдайлар департаментіне мәлімдеген.
ТЖ кезекші наряды пәтердің есігін ашқан кезде 1996 және 1992 жылдары туған ер мен әйелдің денесін тапқан.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Олардың төрт баласы жетім қалды.
Пәтер, полицейлердің айтуынша, бір ай бұрын жалға алынған.