24 мая 2020 г. 10:10

Атырауда карантин ұзартылды

Фото:
Атырау қаласында карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды

. Атырау облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына толықтырулар енгізілді.

Алматы, NEGE. Қаулы мәтіні мынадай: "Атырау қаласы аумағында спорадиялық жағдайларды тіркеуді және соңғы жеті күнде Атырау облысының тұрғындары арасында COVID-19-дың өсу деңгейін ескере отырып, қаулы етемін:

  1. Атырау облысы аймағында шектеу шаралары және Атырау қаласы, Жылыой ауданы және Мақат аулындағы карантин режимін 2020 жылдың 8 маусымы сағат 07:00-ге дейін ұзартылсын. 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07:00-ден бастап 8 маусым сағат 07:00-ге дейін Атырау қаласындағы карантин аймағын Атырау облысы жедел штабы белгілеген блокбекеттерден өту ережесін қамтитын аймақтан бөлек жерлерден өтуге тыйым салынады. 
  2. Жергілікті тұрғындар тұрғылықты жерінен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маска тағып шығуына ғана рұқсат берілсін".

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 мыңнан асты. Оның ішінде Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 901 адамның 224-і аурудан айығып шыққан. 

Тегтер: