Атырауда интимдік қызмет көрсеткен тәжікстандық транссексуал анықталды

Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтады.

Алматы, NEGE. Саунада еліміздің түрлі өңірлерінің - Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына "қызмет" көрсетілген. Әкімшіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды.

Қазақстанға қараша айында келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды. Барлық анықталған тұлға жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды