Атырауда химия зауытының аумағында өрт болды

Атырауда бұрынғы химия зауытының аумағында өрт болды, деп хабарлады Qazaqstan ұлттық телеарнасы.

Алматы, NEGE. Анықталғандай мұнай қазандықтарындағы май қалдықтары жанған. Будақтаған қою қара түтінді байқап, шақыртуды қала тұрғындары берген. Жедел бригада 400 кубтық 2 резервуардағы қызыл жалынды 1 сағатта сөндірді. Оған 19 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Тілсіз жау 64 шаршы метр жерді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Тексеріс басталды.