Атырауда емхана директоры қамауға алынды

Атырау қаласындағы №4 емхананың директоры бюджеттің ірі мөлшердегі қаржысын ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметі хабарладыОблыстық прокуратураның үйлестіруімен Атырау қалалық №4 емхананың директоры бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталды. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбады.

«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - деді баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады