12 сентября 2023 г. 17:11
Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
10 қыркүйек күні 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың жақындары оның достарымен бірге балық аулауға кетіп үйге оралмағанын хабарлаған.
Алматы, NEGE. Бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.
Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса 102 операторына хабарлауыңызды сұрайды.