17 июля 2022 г. 15:39

Атырауда балалар отырған аттракцион құлады

Фото:

Атырау қаласында аттракционның әткеншегі үзіліп, балалар жерге құлады. Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілді. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай 16 шілдеде, шамамен 22:30-да болған. Ата-аналар балаларды аттракционға отырғызған, бірақ әткеншектер бірден тоқтап, құлаған.

"Балалар жеңіл жарақат алды. Алдымен оларды жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына апарып, кейін үйлеріне қайтарды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Атырау облысы бойынша ПД баспасөз қызметі ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Тегтер: