21 октября 2022 г. 18:48

Атырауда атыс болды

Фото:

Атырауда атыс болып, екі адам жарақат алып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Мой город».

Алматы, NEGE.  «21 қазан күні сағат 04:14 шамасында «102» операторына облыстық ауруханадан кеудесінде оқ жарақатымен ер адамның мәйіті жеткізілгені туралы хабар түсті»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар ауруханаға 18 және 19 жастағы екі адам оқ жарақатымен жеткізілген.

«Олар облыстық ауруханада жатыр. Атыс Атырау-2 шағын ауданында бір топ жігіттің арасында өзара келіспеушіліктен соң болғаны анықталды. Қақтығысқа қатысқан барлық адам анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды»,- деп мәлім етті Атырау облысының полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Тегтер: