Атырауда алты жасар бала 3-қабаттан құлап кетті

Атырауда алты жасар бала 3-қабаттан құлап кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атырау, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырауда жыл басынан бері 6 бала терезеден құлаған. Сондай оқыс оқиғаның бірі 2 маусымға қараған түні болды.

«Атырау қаласында 33 жастағы жалғызбасты әйел 6 жасар баласын қыдыртып, үйіне таксимен кеш келген. Баласын пәтерге кіргізіп болған соң көліктегі қалған заттарын алуға қайта шыққан. Анасы үйге оралғанда баласының терезеден құлап кеткенін байқаған. Бала түрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты