Атырауда алып балық ауға түсті

Атыраулық балықшылар салмағы 118 келі қорытпа балықты ұстады.

Алматы, NEGE. Алып балық «Жайық-Атырау» бекіре зауытына тапсырылған.

Мамандардың айтуынша, қызыл кітапқа енген бекіре тұқымдас балық келесі балық өсіру маусымына дейін күтімде болады. 

Бұл биылға ауланып тұрған екінші алып балық.

Осыған дейін,наурыз айында ұзындығы 2 метрден астам, салмағы 148 келі қортпа балығы ұсталған еді.

Одан 1 млн астам шабақ алынып, су айдынына жіберілді.