Атырауда 8 наурызда 18 сәби өмірге келді

Атырауда 8 наурызда 18 сәби өмірге келді. Оның ішінде 10 ұл, 8 қыз бар, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Астана, NEGE.  Сәбидің дені Атырау қалалық перзентханасында жарық дүние есігін ашқан.

«Мұнда 8 ұл мен 3 қыз, оның ішінде бір егіз өмірге келді. Облыстық перинаталдық орталықта 5 қыз бен 2 ұл ата-анасын қуанышқа бөледі. Нәрестелердің салмағы әр түрлі. Қалалық перзентханада нәрестенің бірінің салмағы 4 280 келіні құрады. Ал, ең аз салмақ – 2 800 келі», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.