10 сентября 2021 г. 13:52

Атырауда 89 оқушы коронавирус жұқтырды

Фото:

Атырауда 89 оқушыдан коронавирус анықталды.

Алматы, NEGE. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, 1-5 қыркүйек аралығында мектеп жасындағы 1 оқушының коронавирус инфекциясына шалдыққаны расталған.

«Жазғы каникул кезінде мектеп жасындағы 88 бала қауіпті вирусқа шалдыққан. Олардың бәрі үйінде ата-анасымен байланыста болған. Ал, 1 қыркүйектен кейін карантиндік оқшаулау жағдайындағы ата-анасымен жақын қарым-қатынаста болған бір оқушының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бірақ, бұл оқушы мектепке бармағаны, сыныптастарымен байланыс жасамағаны белгілі болды», - дейді Гүлназ Ербатырова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 4 мыңға жуық бала коронивурсқа шалдыққанын хабарлады. 

Тегтер: