Атырауда 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілер анықталды

Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтады.

Алматы, NEGE. 22 сәуір күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 ж.т. және 1991 ж.т. аудан тұрғындарының басқаруындағы қайығын тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 кг құрайтын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтарын тәркіледі. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.