Атырауда 169 көлік иесі мемлекеттік тіркеу белгісін тақпаған
Атырау облысында жыл басынан бері мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ көліктерді басқарған 169 жүргізуші анықталды.
Алматы, NEGE. «Аталған көлік жүргізушілеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабына сәйкес (Құжаттары жоқ және жүргізу құқығы жоқ адамның көлiк құралдарын жүргізуі) хаттамалар толтырылды.
Жүргізушілердің әрқайсысына 10 АЕК (27780 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 73 көлік құралы арнаулы тұраққа жеткізілді» – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал 16 қыркүйекте мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ көлікті басқарған 3 жүргізуші анықталып отыр. Оларға да әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталған.