Атырауда жүк вагоны аударылып, жерге күкірт төгілді

Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, оқиға кеше Мақат ауданында болған.

ҚТЖ

Алматы, NEGE. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «ЖТ Атырау бөлімшесі» филиалының Мақат ауданында 4 вагоны жолдан шығып, оның екеуі аударылған. Соның салдарынан ішіндегі күкірт жерге шашылған. Қазіргі кезде жауапты мамандарға вагондарды көтеріп, қалпына келтіруге тапсырма берілген, себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомство.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары оқиға орнын бақылауға алды. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысы толығымен қалпына келтірілді.

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр