17 ноября 2025 г. 12:35

Яна Легкодимованың өлімі: екі жігіт өмір бойына сотталды

Фото: 365info.kz

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы AtyrauPress басылымы хабарлады.

Астана, NEGE. Сот Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовты алдын ала сөз байласып, жалдамалы түрде жасалған топтық кісі өлтіру және бөтен мүлікті жою қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот шешімі бойынша екеуі де өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Үкім бірнеше ай бойы сот зерттеген іс материалдарына негізделді: айыпталушылардың хат алмасулары, Янаның күнделігі, сараптама қорытындылары және куәгерлердің көрсетулері ескерілді.

Сот отырыстарында қылмысқа дайындық, мәйітті жасыру тәсілдері және айыпталушылардың жауапкершіліктен қашуға тырысқан әрекеттері туралы мәліметтер айтылды.

Бұған дейін прокурорлар екі фигурантқа да қылмыстың аса қатыгез сипатта болғанын және алдын ала жоспарланғанын айтып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.