Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

Сотталғандардың арасындағы төбелестен кейін бір адам көз жұмып, іс қозғалды.

istockphoto.com

Астана, NEGE. Атырау ПД мәліметінше, 22 наурыз күні түзеу мекемесінде сотталғандар сөзге келісе алмай, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан олардың бірі ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжалдан бір адам алған дене жарақаттарынан көз жұмды», — деп хабарлады полиция департаменті.

Еске салсақ, бір ай бұрын, ақпанда Қостанай облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде де сотталған адамның өлімі тіркелген. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің ақпарынша, марқұм есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген. Қайғылы жағдай бейнебақылау камерасына түскені айтылып, аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен