Атырауда тұрғындарды тонаумен айналысқан 3 күдікті қолға түсті

Атырауда полиция тұрғындарды тонаған 3 күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті.

Атырауда мейманханалардың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын ашық түрде тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып ұсталды. Сондай-ақ 45 және 42 жастағы тұрғындардың телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды.

Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, тонау қылмысы үшін күдіктіге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр