Атырауда тоғыз жасар қыздан жын шығарған емшіні полиция тексеріп жатыр

Әлеуметтік желілерде атыраулық емшінің тоғыз жасар қыздан жын шығарып жатқан бейнеролигі тараған болатын. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Видеода жерде жылап жатқан қызды екі ер адам ұстап тұрғаны және олардың бірі қызға сұрақтар қойғаны көрсетілген. Ол жерде тоғыз жастағы қызға Ләззат есімді 19 жастағы қыздың рухы енгені айтылған. Аталмыш видеоға қазақстандықтар наразылық білдірді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева видеоға қатысты түсініктеме берді. Ол желідегі парақшасында Ішкі істер министрлігімен және аймақтық өкілдермен тергеу жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

«Аталмыш іс бойынша Ішкі істер министрлігімен, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері алдын ала анықталды», – деп жазды Динара Закиева.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады