Атырауда терезе арқылы үйге кіріп, бағалы заттарды ұрлаған күдіктілер ұсталды

Атырауда терезе арқылы үйге кіріп, бағалы заттарды ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Атырау қаласында №2 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тұрғын үйлерге ұрлыққа түскен екі күдіктіні ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, олар пластикалық терезелерді арнайы құралмен ашып, үй ішінен алтын бұйымдар мен әртүрлі валютадағы ақшалай қаражатты қолды қылған.

Күдіктілердің ұрланған алтын бұйымдарды қаладағы бірнеше ломбардқа өткізіп үлгергені белгілі болды. Сондай-ақ олардың осындай тәсілмен жасалған тағы үш ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. 

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді