Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Желіде Атырауда қалалық және облыстық полиция департаменттерінің лауазымды қызметкерлері жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат тарады.

gov.kz

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

«Қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуы, тиісті бақылау мен жұмыс ұйымдастырудың жеткіліксіздігі анықталуына байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Атырау қаласы полиция басқармасын 2024 жылғы мамырдан бастап Бақтыбек Исаев басқарып келді. Бұл қызметке дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды